«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде Шымқаланың орталық демалыс аймағы саналатын Абай саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді. “Ұрпақтар сабақтастығы” атты тақырып аясында өткізіліп жатқан шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, Тұран ауданы Ардагерлер ұйымы және қариялар немерелерімен бірге атсалысты. Жалпы бұл шараға 350-ге жуық адам өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстарының басталғанына 4 аптаның жүзі болды. 1 миллион 200мың халқы бар Шым қаланың 18 жерінде бүгінде санитарлық тазалық шаралары жүргізіліп келеді. Соның бірі Тұран ауданына қарасты Абай саябағында ағаштарды әктеу, шөп ору, суғару, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға коммуналдық мекеме жұмысшылары, қаланың белсенді еріктілері, мемлекеттік қызметкерлерден бөлек қарапайым тұрғындар және ақсақалдар немерелерімен бірге атсалысты.
Қарттарымыздың бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа іс-әрекеттері өнеге болары хақ. Өнегелі ұрпақ апталығы шеңберінде өтіп жатқан науқанға қарияларымыздың немерелерімен келуінің бірден бір себебі, жастарды еңбекке, тазалыққа баулу болып табылады.