“Әділетті Қазақстан әділ билері” дәл осы тақырыпта есеп беру семинары өтті. 4 тақырып бойынша әңгіме қозғалып, жылдық қортынды айтылды. Жасалған жұмыстар нәтижесінде 30 ауыл арақсыз ауыл статусын алған. Республика өңірлерінен жиналған әділ билер қоғамдық бірлестігінің мүшелері атқарушы билікке қолдау білдіре отырып, елдің арасындағы түйткілді мәселелерді оңтайлы шешуде.
Қазақ билері әділ және елге сыйлы болған. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақ билеріде бар. Ол сөзге шешен, ел арасынлағы дауды сотқа жеткізбей шешуге шебер болған. Ата-баба жолын жалғаған азаматтар 2022 жылы Әділ билер қоғамдық бірлестігін құрып бүгінде Респбоикамыздың барлық өңірінде филиалдары ашылған. Бүгін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бірлесіп ұйымдастырған шарасында зал бірлестік мүшелеріне толды. Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Серік Әбенұлы бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. Шымкент қаласы мен Түркістан оьлысында жалпы 2020 би бар, ал мүшелер саны 10 мыңға жеткен. Бұл өте ауқымды бірлестік. Тіпті бірлестікің ішінен әділ аналар, бибі аналар деп аталатын ақ жаулықты аналарымыздан құрылған топтарда бар. Сол бірлесткітің төрайымы Бейбіпатима Сұлтанқызы желтоқсан айынан бастап ауқымды шараның қамына кіріскен.
Әділ билер қоғамдық бірлестігінде Түркістан облысының аудандары мүшелерінің орны бөлек. Оның бір Ордабасы ауданы. Бүгінде ауқымды істер атқарып келеді. Бұның бір дәлелі Батыстағы ағайынға гуманитарлық көмек жинау кезінде Ордабасы ауданында 40 млр жуық қаражатқа қажетті заттар алынған. Жалпы билер кеңесінің жұмысы атқарушы билікке қолдау білдіре отырып елдің арасындағы болып жатқан түткілді мәселелерді оңтайлы шешу. Семинар барысында бірлестік анты еске түсіріліп, бірлестік мүшелері бір мезгілде қайталады. Бірлестік жұмысына еңбегі сіңген азаматтар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бетті дайындаған: Ақерке Құдайбергенқызы