Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде жалғасып жатыр. Ел бірлігін сақтап қана қоймай, тазалыққа насихаттайтын акцияның «Өнегелі ұрпақ» апталығы бастау алды. Осы орайда Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «ізетті зейнеткер» КММ ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Нақтырақ айтсақ, газондар қырқылып, талдың түптері әктелді. Қураған талдардың орнына жаңадан көшеттер отырғызылды. Оған 41 адам, яғни мекеменің барлық қызметкерлері жұмылдырылды. Айта кетейік, орталыққа келген ем алушыларға жайлы орта мен таза аула аса маңызды. Осы орайда акциядан бөлек мекемеде апта сайын тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.