Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, жөнелтуге ат салысқан жандарға құрмет көрсетілді. Тасқынмен күресте белсенділік танытқанқандарға әкімнің алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, бірлік күні қарсаңында болған шарада ҚХА құрамына жаңадан қабылданған азаматтарға шаһар басшысы арнайы куәліктерін берді.
Шымкенттіктер төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіп, тынымсыз тер төкті. Осыны негізге ала отырып, «Қазақ халқының бірлігі күні» қарсаңында «Береке бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, атқарылған жұмыстар баяндалды.
Бірлік күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға мәслихат төрағасы, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары, «AMANAT» партиасы филиалының атқарушы хатшысы, кәсіпкерлер палатасының директоры, бірқатар кәсіпкерлер мен волонтерлар және «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшілері қатысты.
Қатысушыларды тыңдаған қала әкімі Мемлекет басшысының ҚХА 33-сессиясында жүктеген тапсырмаларын жергілікті жерде нәтижелі орындау үшін жоспар әзірлеп, кешенді жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Сонымен қатар, игі іске жұмылған жандарға шынайы ризашылығын білдірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2024 жылғы 12 сәуірдегі шешіміне сәйкес қала әкімі ҚХА құрамына жаңадан қабылданған мүшелеріне ҚХА Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың қолы қойылған куәліктерді табыстады. Және көктемгі су тасқыны салдарымен күреске белсене қатысқан 12 азаматты алғыс хатпен марапаттады.