Гуманитарлық көмектің екінші партиясы жөнелтуге дайын. Бұл туралы ҚХА төрағасының орынбасары баспасөз брифингте айтты. Еліміздің кейбір облыстарында төтенше жағдай жарияланғаннан бастап ассамблея мүшелері зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін арнайы жоба әзірлеген еді. Қала кәсіпкерлері мен еріктілердің белсенділігіне байланысты акцияның қазір екінші легі жөнелтуге дайын!
Брифинг барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету бойынша құрылған республикалық және өңірлік штабы, штаб отырыстары, гуманитарлық көмек қабылдау орталықтары туралы айтты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Ассамблея мүшелері қала тұрғындарын қауіптің беті қайтқанша қайырымдылық көрсетуге шақырды.
Арнайы құрылған жобаның нәтижесінде 6-сәуір күні 10 млн тұратын 20 тонна тауарды Атырау облысына аттандырған еді. Оның ішінде азық түлік, ауыз су, тұрмыстық химия және көрпе төсек пен жылы киімдердер бар. Айта кетейік, қазіргі уақытта гуманитарлық көмектің 20 тонналық екінші партиясы жөнелтуге дайын.