ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған мегаполисте туризм саласы белсенді дамып келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек былтыр жыл қорытындысы бойынша Шымкент қаласына 30 000 турист келді. Ал ағымдағы жылдың соңғы 3 айында шетелден келген қонақтар саны 10 мыңнан асқан. Қонақ жайлылық индустриясын дамыту мақсатында «VISIT SHYMKENT» туризм ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Шымкент қаласы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығында қонақ үй бизнесі әкімшілеріне арналған оқыту семинары өтті. Бұл іс-шара қатысушыларға практикалық білімді ғана емес, сонымен қатар динамикалық және бәсекеге қабілетті қонақ жайлылық индустриясында табысты жұмыс істеуді үйретеді.
Әкімшілерге арналған семинарға қонақ үй және мейрамхана бизнесінде 15 жылдам астам тәжірибесі бар, қонақ үй бизнесін дамыту бойынша сарапшы, бизнес-тренер Артем Клыков арнайы шақырылды.
Айта кетейік, бұл қонақ жайлылық саласындағы сервисті жақсарту аясында өткізіліп жатқан алғашқы семинар-тренинг емес. «VISIT SHYMKENT» ТАО-ң ұйымдастыруымен 2021 жылы бастау алған болатын. Содан бері туристік индустрияның 250-ден астам өкілі біліктілігін арттыру туралы сертификат алды.