Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалық етуімен, Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының бірінші отырысы өтті. Жиында жаңа құраммен жасақталған комиссия мүшелері, қаладағы барлық басқарма басшыларының баяндамаларын тыңдады. Бұл жасақтың құрылу себептерінің бірі, қазіргі қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді бей-жай қалдырмай, олардың шешу жолдарын қарастыру. Мәселен, неке деңгейі, ажырасу, еңбек даулары, халықтың осал топтары, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, гендерлік теңдік, балалардың қауіпсіздіктері мен құқықтары сынды мәселелер қарастырылды. Өткен жиында әкім орынбасары осы мәселелер бойынша басқарма басшыларына тапсырма берген болатын. Бірақ, баяндамашылардың жауаптарына қанағаттанбаған қала әкімінің орынбасары басқарма басшыларына ескерту жасап, нәтижесіз болған жиынды кейінге қалдырды. 
ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ
Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...










