“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында облыс елді мекендерінде санитариялық-тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары өз жалғасын тауып келеді. Осыған орай, нөмірі 46 мектеп-лицейінде алма, алмұрт, шие секілді 50 түп жеміс ағаштары отырғызылды. Еріктілер бастаған бұл марафонның атауы “Жасыл толқын” деп аталады.
Волонтёрлар бұл ақцияның мақсаты ағаш отырғызу арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді қосу, дейді.