Зиянсыз есірткі болмайды. Салауатты өмір салтын психотроптық затқа айырбастап, өз өміріне балта шауып жатқан жастар қаншама. Күні кеше ғана 10 жылға бас бостандығынан айрылған Б. есімді азаматқа қатысты қала прокуратурасы М.Әуезов университетінде оқитын студенттермен бірге көшпелі процесс өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жастарға есірткімен айналысудың салдарын көрсету мақсатында жасалған шара дейді.
Қала прокуратурасы есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен М.Әуезов университетінде студенттердің қатысуымен көшпелі процесс өткізді. Сот үкімімен сотталушы Б есімді азамат Қылмыстық Кодекстің 297 бабы 3 бөлігінің 1,3,5 тармақтарымен 10 жыл мерзімге темір торға тоғытылды. Сотталушы телеграм желісінен оңай ақша табу туралы хабарландыруға қызығушылық танытып, курьерлік жұмыспен айналысқан.
Оңай жолмен ақша табу мақсатында есірткі заттарын жасырумен айналыстын жастар да бар. Психотроптық заттарды таситындардың екі-ақ жолы қарастырылған : не олар өледі, не түрмеге отырады. Сол себепті, бұл көшпелі отырыстың мақсаты есірткіге қатысты қылмыстарды алдын алу және осы құқық бұзушылық жасаған жағдайда соңы неге алып баратын көрсету, дейді ұйымдастырушылар.
Сот үкімі шығып, процесс аяқталғаннан кейін қала прокуратурачының қызметкерлері студенттермен профилактикалық әңгімелесу өткізді. Оларға есірткі заттарын сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін, жауаптылық көздейтін заң нормаларын түсіндірді. Айта кетейік, Есірткі қылмыстары бойынша 2024 жылдың соңғы үш айында 117 іс қаралған.