Қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында премьера. Мұнда Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай, оның «Қартқожа» деректі драмасы сахналанды. Қойылымды жас режиссер әрі театр әртісі Исмаил Жарас дайындаған. Шығармада басты кейіпкер Қартқожа есімді, өте жуас, момын, әлсіз кедей баланың бастан кешкен оқиғалары бойынша өрбиді. Қартқожа кішкентайынан бай балаларының әлімжеттігін, өз әкесі Жұманға байлардың жасап отырған әділетсіздіктерін көріп өседі. Мұндай зорлыққа шыдамаған Қартқожа секілді кедейлер көтеріліс жасайды, кейін соғысқа кетеді. Бірақ, солдат өмірі Қартқожаның көзін ашады. Дамыған заман туралы әңгімелер естіп, одан әрі Қартқожа оқу жолына түседі. Қойылым арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани тәрбие беріп, отансүйгіштік пен паториотизмге баулиды. Жас Қартқожадай «елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі — жалынды жастардың» қатарын ұлғайтуды мақсат етеді.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
1 мамырдан бастап мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясында айтылды. Күн...