Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбеков қала шетіндегі дәрігерлік амбулаторияларды аралап, тұрғындармен кездесті.
Басқарма басшысы №7 қалалық емханасаның бас ғимаратында болып, қабылдау бөлімі, бейінді бөлімдерді және мамандандырылған емхана бөлімдерін аралады. Сонымен қатар басқарма басшысы 7500 тұрғыны бар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер науқастарға амбулаторлы-емханалық көмек көрсететін Қарабастау дәрігерлік амбулаториясында болды. Қарабастаудағы медицина ғимаратының тозығы жеткен. Сондықтан басқарма басшысы ғимараттың күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін айтып, емхана ұжымына тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ Н.Асылбеков «Тogus Med» медициналық орталығында болды. Аталған клиника Маятас,Жылан Бұзған,Елтай,Тогус,Айнатас елді мекеменіндегі тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.
Н. Асылбеков «Жылан бұзған» елді мекеніндегі тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында жергілікті халық қаланың бас дәрігеріне аталған елді мекендегі медициналық амбулаторияды қайта ашуды сұранды. Тұрғындардың шағымын тыңдаған басқарма басшысы жергілікті халыққа медициналық көмек көрсететін «Тogus Med» орталығының әкімшілігіне мәселені шешуге тапсырып,жақын уақытта жауабын беретіндігін жеткізді