• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ» ҚОҒАМЫ

06.03.2024
0

 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Қалыйма Жантөрееваның жетекшілігімен өткен жиында қоғамның аналарға деген құрметі әрқашан қастерлі болатыны айтылды. Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етуде, олардың әлеуетін толыққанды іске асыруда елімізде соңғы жылдары үлкен өзгерістер орын алып, ауқымды бастамалар жүзеге асып жатқаны жария етілді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Отбасылардың іргесін бекем ету, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бағыттарында заңнамалық деңгейде қабылданып жатқан шаралар туралы мағлұмат беріліп, еңбек қатынастары саласындағы кемсітушілікті жою, сондай-ақ, әйелдер мен балаларды әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қолдауды күшейтудегі ұсыныстар тыңдалды. Ортақ талқыға түскен тақырып аясында Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтбаевтың, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі Анна Беспалованың, Түркістан облыстық сотының судьясы Айманья Кульчикованың, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Қожабекованың, Түркістан облыстық оқушылар сарайының директоры, Әйелдер қанатының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға көмектесу» бағыты бойынша топ жетекшісі Индира Икапованың және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Egemen Qazaqstan» газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалымжан Елшібайдың хабарламалары тыңдалды.

Форум жұмысының екінші бөлігінде қоғамның түрлі салаларында адал еңбегімен танылған қыз-келіншектерге «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хаты мен мерекелік сияпаты табысталды. Айта кету керек, ұйымның марапатына ие болған азаматшаларымыз – қарапайым еңбек адамдары. Олардың арасында Арыс қаласынан «Қостүйін-Піспек» шаруа қожалығының шопаны Пернеш Апашева, Бәйдібек ауданынан асыл тұқымды ешкі өсіруші Шәрипа Әбіш, Жетісай ауданынан «Ақ алтын-Береке» фермасының сауыншысы Перизат Абдураханова, Кентау қаласынан «Кентау трансформатор зауытының» учаске бригадирі Дүйсенкүл Бейсенбаева, Қазығұрт ауданынан «Меруерт ана» балабақшасы тәрбиешісінің көмекшісі Зулхумар Назирова, Ордабасы ауданынан «Темірлан абаттандыру» мекемесінің абаттандырушы Аманкүл Алшимбаева, Отырар ауданынан механизатор-машинист Бибіхадиша Исабек, Сарыағаш ауданынан «Шаркүл-фуд» шаруа қожалығының сауыншысы Алтынкүл Байпанова, Сарыағаш ауданынан «Бес Қара» ЖШС мал дәрігері Алтынай Избасқанова, Сауран ауданынан Т.Айтжанов атындағы мектептің аспазшысы Күлия Алишериева, Созақ ауданынан «Орталық Мойынқұм» кеніші геотехнологиялық алқап учаскесiнің мастері Ақмарал Сарыбаева, Төлеби ауданынан балалар ауылының кір хаттаушысы Фарида Жаппарова, Түлкібас ауданынан «Түлкібас әк зауытының» әк тасымалдаушы Алима Аманбаева, Түркістан қаласынан зейнеткер, кран айдаушы Гүлсін Асқарова, Райымбек Сейітметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының киім ілушісі Айжан Өмірбекова, осы театрдың еден жуушысы Жанат Стамқұлова, Шардара ауданынан тігінші Райхан Мырзаева секілді еңбек адамдары бар.

Форумға қатысушылар жиын соңында Түркістан қаласының Оқушылар сарайы әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады. Әсіресе, оқушылардан құралған хор ұжымы орындаған ән көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.