• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ БОЙТҰМАРЫ АСТАНАДА

02.03.2024
0

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездесті. Іс-шара Париждегі жазғы Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық жөніндегі штаб қабырғасында өтті.

Кездесу барысында екі елдің өкілдері алдағы Олимпия ойындарын ұйымдастыру, өткізу барысын талқылады. Франция елшісі Олимпиаданың ресми бойтұмарын табыс етіп, Астанада Париждегі ойындарға арналған мурал салу туралы жоспарын айтты.

Франция 2022 жылдан бері Олимпия ойындары қарсаңында Олимпиада қағидаттарын насихаттау мақсатында «әлем бойынша эстафета» спорттық іс-шарасын өткізіп келеді. Министрлік бұл бастаманы жыл сайын қолдайды және биыл наурыз айына жоспарланған эстафетаны ұйымдастыруға көмектесуге дайын. Министр аталған іс-шара аясында Париждегі Олимпиадаға билет ұтысын ұйымдастыруды ұсынды.
Кейінгі жылдары Қазақстан мен Франция спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келеді. 2024 жылғы 2-6 ақпанда Париж қаласында өткен дзюдодан Grand Slam жарысына Қазақстан құрамасы қатысып, қола медаль жеңіп алды. Үш дүркін Олимпиада чемпионы, 12 дүркін әлем чемпионы, 5 дүркін Еуропа чемпионы Тедди Ринер Қазақстан құрамасымен бірге бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысты.

Министр Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық дайындық базасында екі ел спортшылары арасында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ ведомство басшысы франциялық делегацияны және спортшыларын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.
Сондай-ақ Ермек Маржықпаев ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі туризм екенін атап өтті.

«Франция – бүкіл әлемдегі туристер үшін ең тартымды елдің бірі. Көптеген музей, ортағасырлық ғимараттар, табиғи ландшафттың таңғажайып әралуандағы кез келген туристі бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Біздің еліміз де қолайлы географиялық жағдайға ие екенін айтқым келеді. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар ел аумағының 10%-дан астам жерін алып жатыр. Қазақстанда заманауи туриске қажет дүниенің бәрі бар деп сеніммен айта аламын. Біз Франциядан келген туристерді қабылдауға және еліміздің бірегей табиғатын көрсетуге дайынбыз», — деді Ермек Маржықпаев.

Министр Қазақстан мен Франция арасындағы туристік ағымды одан әрі ұлғайту үшін тікелей рейстерді іске қосу және Қазақстан азаматтарына туристік визалар беру рәсімін жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу соңында Франция елшісі Дидье Канесс екі елдің туризм және спорт саласындағы ынтымақтастығына қызығушылық білдіріп, Қазақстан спортшыларына Париждегі Олимпия ойындарында табысты өнер көрсетуін тіледі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.