ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ПРОЦЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Мерзімді әскери қызметке шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілетін болады. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру — жұмылдыру жұмыстары департаменті  бастығының орынбасары – әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс басқармасының бастығы, полковник Фархат Айдарбаев ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады және азаматтарға Электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады. Көрсетілген қызметтерді көрсетуге жауапты жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Сонымен бірге, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселелерін белгілі бір төлем арқылы шешу жолымен көмек көрсетуге уәде беретін адамдардың әрекетінен азаматтарды сақтандырғым келеді, өйткені бұл қызметтер жергілікті атқарушы органдармен өтеусіз негізде көрсетіледі», – деді спикер.

Аталған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы нақты ақпаратты egov.kz сайтынан алуға немесе арнайы әзірленген жадынамамен танысуға болады. Олар барлық жергілікті әскери басқару органдарында бар.

«Әскердің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебі жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық форматқа ауыстырылды. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жөніндегі қызмет те іске қосылды. Енді азаматтар әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті бірде-бір құжатсыз ала алады», – деді полковник.

Азаматтардың бұл санаты шақыруды кейінге қалдыру туралы SMS-хабарлама алады. Бұл жүйе азаматтардың әскери есебін цифрландыру жеке байланысын қоспағанда, көптеген мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік береді.

Оrtcom.kz

Ұқсас жазбалар

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!

Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы Әл-Фараби, Тұран аудандарында жалғасын тапты. Тазалық шарасында шаһардағы ең үлкен аулада тазалық...