Биыл егіс көлемін 6 мың гектарға және алдағы 5 жыл ішінде 21 мың гектарға қысқарту міндеті тұр. Тура осындай жұмыс мақта өсіру бойынша да жүргізілуі керек. Нәтижесінде шамамен 1,4 млрд м3 су үнемделеді, деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Қант қызылшасының алқаптарын 5 жыл ішінде 27 мың гектарға ұлғайту қажет, бұл қантпен қамтамасыз етілу деңгейін 6-дан 45%-ға дейін арттырады. Сонымен қатар басқа да әлеуметтік маңызды дақылдардың алаңдарын ұлғайту жоспарлары да қойылды», — деді ведомство басшысы
ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...










