Жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдік санатына кіретіндер:
⚡18 жасқа дейінгі балалар;
⚡Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
⚡Баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелейтін жұмыс істемейтін адамдар;
⚡Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға немесе асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар;
⚡«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
⚡Мүгедек баланы күтетін жұмыс істемейтін адамдар;
⚡Бала кезінен мүгедектерге күтім жасайтын адамдар;
⚡Мүгедектер;
⚡Зейнеткерлер мен екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері;
⚡Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар;
⚡Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
⚡Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
⚡Жұмыс істемейтін оралмандар;
⚡Ең төменгі қауіпсіздіктегі мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқан адамдар;
⚡Тергеу изоляторларында отырған адамдар.