Шымкент қаласының әкімі фудболдан ел чемпионатының жеңімпазы болған » Ордабасы» клубын салтанатты түрде құттықтады. Көрме орталығында өткен марапаттау кешінде қала басшысы бас бапкер мен жаттықтырушыларға ыстық ықыласын жеткізді. Биыл ел чемпионатын сәтті бастаған Ордабасы өз мықтылығын танытып жергілікті жанкүйер жылдар бойы арман қылған ел футболының Алтын тәжін жеңіп алды. 20 мыңға тарта жанкүйердің қолдауымен Аса тартысты басталған матчта жеңімпаздарға алтын медальмен Жеңіс трофеясын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табыс еткен болатын. Басқосуда қала басшысы «ордабасы» ойыншыларына уефа Чемпиондар лигасындағы кездесулеріне сәттілік тілей отырып, шымкент қаласының мәртебесімен мерейін асыратынына сенім артты.
“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...