Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«КҮМІС ДОМБЫРА — 2023»
    Жаңалықтар

    «КҮМІС ДОМБЫРА — 2023»

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.11.2023275 Views

    Дүбірлі доданың жалғасы “ Күміс домбыра” иегерін анықтады. Жеңіс Шымкенттік айтыскер Аян Ниязбековқа бұйырды. Бабалар аманатын арқалаған жас таланттар тәуелсіздікті жырларына арқау етті. Сайыстың қызығы мен шыжығын тілші тарқатсын.

    Шараға республикамыздың әрбір өңірінен келген жас ақындар бақ сынады. Дүбірлі доданың бірінші кезеңінде 16 ақын бір-бірімен жұптасып 8 жұп 20-25 минут көлемінде айтысты. Қазылар алқасының шешімімен финалдық кезеңге 6 ақын жолдама алды. Ал финалдық кезеңде жалпы 3 жұп 15 минут көлемінде тартысқа толы айтыс көрсетті. Қазақтың киелі өнеріне жан бітіріп, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұруына басты себепкер болған Біржан Байтулов бастаған Қартау өнер мектебінің ұжымы. Бүгінде сан баланың талантын ашып, танылтып отырған өнер ордасының ұстаздары да бұл игі шараның Оңтүстік өңірінің өнеріне үлес қосатын тұсына тоқталып. Аламан доданың жастарға берер тәлімі мен тағылымын тізбектеді.

    Шара Республика күніне орай ұйымдастырылып отыр. Тәуелсіздігіміздің жеткен жетістіктерін насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Айтыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов марапаттап, ұлттық өнерімізді ұлықтап, тамаша айтыс көрсеткен өнерпаздарға алғысын білдірді.

    Сонымен, әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды Ердаулет Ыбырай мен Нұрдаулет Өмірбекке, ІІ орын Жамбыл облысының өкілі Мұхтар Қонарбай мен түркістандық ақын Ахметрасул Баянбайға, ал, І орын Баянауылдан келген Мәрес Байронға берілді. «Күміс домбыра» айтысының бас жүлдесін Шымкент қаласының өкілі Аян Ниязбек жеңіп алды.
    Осы тұста кәсіпкер Батырбек Көшербай өз есебінен домбыраның сыртын күміспен қаптатып берген. Одан бөлек, марапаттау рәсімінде арнайы өз қаржысынан қатысушы екі айтыскерге ақшалай сыйлық ұсынды. Осындай ел ағаларының арқасында жас дарындардың талантын бағалап, шарықтатуға әсте болар еді. Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.