Шымкент қаласың әкімі Маятас тұрғын алабындағы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір мәселесімен танысты. Көпір 1985 жылы салынған. Тұрғындар тарапынан 2014 жылы жартылай жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде тозығы жетіп қайта қалпына келтіруді қажет етіп тұр. Жағдайды бақылауға алған қала әкімі жауаптыларға заманауи үлгідегі көпір салуға тапсырма берді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын келесі жылдың бірінші жарты жылдығына дейін аяқтауды жүктеді. Оған қоса Нысанбайұлы көшесі бұрылысынан көпірге дейінгі тас жолды жөндеп беруді тапсырды.Бадам өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірінде күніне шамамен 150-200 адам қатынайды. Ұзындығы 120 метр,ені 1 метрді құрайды.
13:24