Қоршаға ортаның тазалығын сақтау әрбір адамның міндеті. Осы ұстанымды ұстанған Шымкенттіктер жаппай сенбілікке шықты. Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен шарада айналаның барлығы күл-қоқыстан тазартылды. Сенбілікке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, ардагерлер қатысты. Одан бөлек қажетті техникалар да жұмылдырылған. Мұнда санитарлық жұмыстармен қоса, жасыл аймақтар, арық-атыздар, жаяу жүргінші жолдары күл-қоқыстан тазарды.
ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ
Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...










