Қоғамдық көлікте төлем жүйесі енгелі 3 жыл болды. Ал, 1 наурыздан бастап кондукторсыз жүйе іске қосылды. Электронды жүйе енгізілгеннен кейін тұрғындар мен көлік қызметкерлері арасында жол ақысы жөнінде мәселе әліге дейін келе жатыр. Көпшілік жол ақысын төлемесе немесе билет алмаған жағдайда айыппұл салынатынын біле бермейді. Осы орайда қоғамдық көлік пен жолаушыларды бақылау мақсатында рейдтік шара өтті.
Көлік саласы бойынша 2020 жылы қалалық мәслихатпен Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Схемаға сәйкес, 77 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және 6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандары мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100% қамтылды.
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап қалалық маршруттарда кондукторсыз жүйе енгізілді. Жолаушыларға электрондық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланудын нәсихаттау үшін, жолақысын төлеуден бас тартушыларды анықтау мақсатында бақылау топ құрылды. Жолақысынан бас тартатын азаматтарға полиция қызметкерлері тарапынан Әкімшілік Кодексінің 622 бабына сәйкес, 600 әкімшілік айыппұл салынды, ал Шымкент қаласы бойынша көлік инспекциясы тарапынан 623 бабы негізінде билет таратпағаны үшін жүргізушілерге 1648 акт түзілді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді. Күнделікті маршруттарға 914 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысады.