Шымкент қаласы еліміз үшін маңызды қала статусын алғанына бес жылдан асып барады. Статусқа сәйкес миллионды тұрғыны бар қалада халық саны күн санап ратып барады. Сәйкесінше қара нөпір халыққа қызмет көрсетудің де саны мен сапасы арту заңдылық. Яғни, полиция қызметкерлері, дәрігерлер, оның ішінде жедел-жәрдем көрсету, сондай-ақ, төтенше жағдай қызметкерлерінің де көрсетер қызметі артуы тиіс. Сондықтан да, бұл салада өзіндік дамуына жағдайлар жасалуда. Соның бірі ДЕПО құрылысы. Қала әкімі жуырда Ғабит Сыздықбеков Сайрам шағынауданында салынып жатқан және әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы біткен деполардың жұмысымен танысты.
Әкімшілік-іскерлік орталықтағы нысан заманауи құрылғылармен және халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған.
Құрылысы толығымен аяқталып отыр. 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депода қызметкерлердің нәтижелі жұмыс істеуіне әрі тынығып, демалулары үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылған. Сыртқы аумақта кәсіби дағдыларын машықтандыруға арналған оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңдары да бар.
Ал Сайрамдағы депо жұмысы 30 пайызға орындалды. Мұнда да қойма, оқу жаттығу мұнарасы, жүгіру жолағы, автотұрақ қарастырылған. Озық үлгіде жабдықталатын ғимаратта өрт сөндіру көлік үй-жайлары, әкімшілік кабинеттер орналасады. Нысан құрылысы келесі жылға өтпелі.
Қала әкімі ғимараттарды аралау барысында жауапты басқарма басшыларына әрбір жұмыстың сапалы атқарылуын және мерзімінде аяқталуын нықтап тапсырды.
Айта кетейік, жаңа ДЕПО өрт сөндіру бөлімшелерінің жеделдігі мен ұтқырлығын арттыруға және материалдық залал мен адам шығынын азайтуға айтарлықтай мүмкіндік бермек.
Шымкентте стратегиялық маңызы бар нысандардың да құрылысы қарқынды