Бозарық елді мекені сапалы интернетпен қамтылады. Саяжай аумағына талшықты оптика желісін жүргізу жоспарға енгізілген. Бүгінгі таңда, орталық және ішкі орамдағы 74 көшеге сапалы желі тартылған .Ал, 8500 ге жуық халқы бар елді мекен тұрғындары талшықты желімен қашан толық қамтылады? Тұрғындардан өтініштер қалай қабылдануда?
Толығырақ «Айғақ» тв ютуб арнасынан көре аласыз.
Ағымдағы жылы, Қаратау ауданына қарасты Бозарықтың саяжай аумағына талшықты оптика желісін жүргізу жұмыстары жоспарға енгізілді. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынып, орталық және ішкі орамдағы 74 көшеге оптика желісі толық жүргізілді. Жалпы, шағын ауданда 2 120 жуық жеке үйлер және 8 500 жуық тұрғын орналасқан. Бүгінде, өтініш қалдырған 300 — ге жуық үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда. Егерде тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, «СпецавтоматикаСервис» компания тарапы шағын ауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (100 және 500 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қатар, Бозарықтың саяжай аумағындағы Ана-тілі көшесі бойына базалық станция орнату үшін «Kcell» АҚ мен келіссөздер жүргізіліп, (42.4234070,69.6373380) инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнатылатын болып келісілді. Бүгінде, инвестор тарапынан базалық станцияны орнату үшін жер телімдері анықталып сәулет, қала құрылыс және жер қатынастары басқармасымен рәсімдеу жұмыстары атқарылды. Ендігі кезекте антенна-мачталық құрылғыны орнату және базалық станцияны орнату жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, елді мекен сапалы мобильді интернетпен («Kcell» АҚ байланыс операторы бойынша) қамтылатын болады.