Жергілікті табыс көздерін ұлғайту. Бюджеттің салықтық әлеуетін арттыру. Бұл шаралар жайын мемлекетік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов баяндады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жергілікті органдармен жүргізілген түгендеу-салыстыру жұмыстары оң нәтиже берген. Мысалы: салық салуға жататын меншік иелеріндегі үйлер мен гараждар саны 12% — ға, ал түсімдер үлесі 11% — ға ұлғайған. Цифрлық шешімдер арқылы кәсіпкерлердің бизнесті басқаруға ерекше назар аударылады. Соның дәлелі » e-Salyq Business» — жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, чектер беруге, кірістерді есепке алуға, салықтарды есептеуге мүмкіндік береді. «E-Salyq Azamat» — жеке тұлғалармен декларацияларды тапсыру, салық төлеу және басқа да жетістіктері бар екенін атап көрсеткен.
Толығырақ «Айғақ» тв ютуб арнасынан көріңіз