“Арыстан баб және Ихсан тағылымы”. Дәл осы атаумен республикалық ғылыми конференция өтті. Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келген. Жиын барысында 6 бағыт бойынша ой қозғалды.
Елімізде тұңғыш рет әулие Арыстан бабқа арналған републикалық шара өтті. Астана Алматы қаласынан арнайы қонақтар келген шаралар тізбегі 2 күнге созылмақ. Жиынның мақсаты ата-баба ұстанған Имам Ағзам Мазһабы, Арыстан баба ғұмыры, дұрыс сопылық мектеп және дін мен дәстүрімізді және киелі орындарға зиярат, отандық туризмді насихаттау, жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, оның алдын алу жолдары жайлы тақырыптары тарқатылды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ұстаздардың ұстазы болған Арыстан бабтың қазақ халқының рухани тарихындағы айрықша орнына тоқталып өтті. ҚМДБ соңғы жылдары қазақ даласынан шыққан дін қайраткерлері мен ғұламаларының өнегелі өмірін, Ихсан ілімін айрықша насихаттап келеді.
Осы жолыда діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз болған Арыстан бабқа арналған шарамен жалғасын тапты. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Айта кетсек, былтыр «Қожа Ахмет Яссауи һәм ихсан ілімі» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық конференция өткен. Онда Қожа Ахмет Яссауи ілімі мен ихсан ілімінің сабақтастығы, ұлы бабамыздың хикметтері туралы тағылымды ойлар айтылған болатын.
https://youtu.be/iQIteFxQTIY?feature=shared Толығырақ «Айғақ» тв ютуб каналынан.