Ғабит Сыздықбеков мәдениет саласының өкілдерімен кездесті. Мақсат — мегаполистің мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлерді тыңдау, талқылау. Зиялы қауым және мәдениет өкілдері қала әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, саланы дамытуда маңызды бастамаларын жеткізді.
Мәселен, жатақхана, ғимарат, қала мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге озық ойлы жас мамандарды жұмылдыру сияқты өзекті тақырыптар сөз болды. Сондай-ақ қалада “Наурыз айтысын” қайта жандандыру бастамасы айтылды.
Қала әкімі “Қай кезде де мәдениет – халықтың рухани келбеті, ұлт айнасы. Ұлт руханиятының бір бөлшегі саналатын мәдениет саласының жұмысын жандандыру, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін табу — ортақ міндет»,-деп, жиында көтерілген барлық мәселенің оңтайлы шешілетінін жеткізіп, мегаполис мәдениетін көтеруге атсалысуға шақырды.