Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҰЛТТЫҚ ӨНЕР — ҰРПАҚҚА АМАНАТ
    Айғақ MEDIA

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕР — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.10.2023451 Views

    Ұлы дала әуендері мен шежіресі Шымкент төрінде шырқалды. Дәстүрлі ән орындаушылар мен термешілердің байқауы республикалық деңгейде өтті. 40-қа жуық өнерпаз көнеден сақталып келе жатқан халық әндерін қайта жаңғыртып, тыңдаушысын әсем де әуезді үнімен баурады.

       «Түркістан сарайында» Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала әуендері» дәстүрлі ән орындаушылар және «Ұлы дала шежіресі» термешілердің республикалық байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – халық арасында жалпы ұлттық дәстүрлі өнерімізді насихаттай отырып, оңтүстік өңірінің дәстүрлі әндеріне ерекше көңіл бөлу, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.

    Дәстүрлі ән орындаушылар және термешілердің байқауына 17-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, бақ сынады. Көне сарынмен әуелеткен өнерпаздар орындау шеберлігі, образ байлығы, сахна мәдениеті, киім үлгісі сияқты ерекшеліктерімен бағаланды. Қазылар алқасының құрамында белгілі өнерпаздар Мейрамбек Беспаев, Жанар Айжанова, Кенжебай Шал, ақын Қалқаман Сарин және тағы басқалар әділ бағасын беріп, үздіктерді анықтады.

    Сонымен, дәстүрлі ән орындаушылар бас жүлде, 1,2,3-орындармен қатар, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, терме сайысының жеңімпаздары да бас жүлде, 1,2,3-орындармен қатар Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Қайыпназар Әйтпенов, Камал Ендібаев атындағы номинацияларына ие болды.

    Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жеңімпаздарды құттықтап, бүгін дәстүрлі өнеріміз төрге озғанын, өңіріміздің байырғы қоңыр саздары қайта жаңғырғанын атап өтті.

    Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат. Табиғи талантын әнге қосқан қатысушылар тарихтан жеткен өнерді жаңғыртып, оңтүстіктің дәстүрлі әндерін шырқау арқылы көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.