Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы ардагерлермен кездесті. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №10 мекемесі ағымдағы жылдың 30 қаңтарында құрылған болатын. Орталықта қазіргі таңда 40 қарт арнаулы қызметті пайдалануда. Мереке қарсаңындағы кездесу барысында ардагерлерге арнайы концерттік қойылым қойылды. Қарттарға сыйлықтар табысталып, кездесу соңында ақ дастархан жайылды.
БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ
Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...













