Шымкенттегі теміржол вокзалының ғимараты заманауи талапқа сай жабдықталады. Ғабит Сыздықбеков нысанның реконструкциялау жұмыстарымен танысып, мегаполис сәулетіне сай жабдықтап, мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.
Қазір вокзалдың жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың адамды құраса, қайта құрудан кейін 6 мың адамға дейін артады.
Бүгінде сол қанаттың төменгі қабаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіліп, жылыту, электр қуаты, өрт қауіпсіздігі, байланыс және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда жоғары қабаттың дайындығы 70%-ға жеткен, әрлеу жұмыстары жалғасуда. Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігіне сай қайта құрылып, жыл соңына дейін қолданысқа берілмек.