Мегаполисте ағымдағы жылы 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Соның бірі Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру нысаны. Қала әкімі аталған депоның құрылысымен танысты.
Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады.