Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ ЕМХАНА
    Айғақ MEDIA

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ ЕМХАНА

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.09.2023508 Views

    Енді емханалар медициналық көмектен бөлек әлеуметтік  сала бойынша қызмет көрсетіп бастайды. Мегаполистегі 6-шы емханадан осы үлгіде  алғашқы «Үздік тәжірибе орталығы» ашылды. Ол денсаулық жағдайына қарай қызмет көрсетуден бөлек, арыз-шағымдарды талдау, әдістемелік жұмыс жүргізу сынды бірқатар әлеуметтік сала бойынша көмек көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәжірибесі негізіндегі мұндай орталықтар елімізде санаулы ғана.

     №6 қалалық емханасы 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Үздік тәжірибе орталығына» өтуіне байланысты дайындық жұмыстарды бастаған болатын. 15 қыркүйекте аталған емханада ресми ашылу салтанаты өтіп, оған қала әкімдігі мен медицина саласының білікті мамандары қатысты. Тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін шараған көрші Жамбыл облысынан да дәрігелер келді. Үздік тәжірибе орталығының ашылуынан соң бас дәрігер келген қонақтарға  отбасылық дәрігер, миомос, естуші денсаулық сақтау ұйымы  сынды жобалық кеңселермен таныстырды.Әр бөлімнің мамандары халыққа көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмек және олардың түрлерімен таныстырды.

    Емханалардың медициналық көмек көрсету сапасын ұлғайту, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі негізінде жұмыс істейтін, медицина мен әлеуметтік саланы ұштастырған бұл орталық елімізде ашылған 10-нысан. Жыл соңына дейін алғашқы көмектің үздік орталығы шаһардағы №1, 3 және 7 емханаға енгізілмек. Бұл туралы қаланың бас дәрігері Нұрлыбек Асылбеков айтты.

    Емхананың 107 қызметкері оның ішінде, 68 дәрігер, 39 орта буынды қызметкерлері мамыр, маусым айында  «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының  эксперт мамандарының тренингіне қатысып, біліктілігін арттырған. «Аль-Фараби» жастар денсаулық орталығы емханаға қарасты 10 мектептің 12-29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар  санатына медициналық көмек  көрсетеді.  Жастар орталығы «4D» негізінде құрылған: сенім, қайырымдылық, қол жетімділік, еріктілік принципіне негізделген.  Емханада алғашқы рет ақылмандар кеңесі, халық комитеті құрылды, құрамы мен ережелері бекітілді. Емханада QR-код әдісімен барлық аймақтық дәрігерлер мен бейінді мамандардың аты-жөндері, жұмыс уақыты көрсетілген және қабылдауда болған науқастар өздерінің пікірін қалдыра алады. Алдағы уақытта «Денсаулық сақтаудағы жобалық менеджмент» бойынша емхананың бөлім меңгерушілері мен аға мейіргерлерін, бас дәрігердің орынбасарларын оқыту және осында тіркелген аутизммен ауыратын балаларды анықтау және олардың отбасымен жұмыс жүргізу бойынша жоба  жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.