Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпке бағыт» бойынша тегін оқыту ұйымдастырды. Мұнда қаламыздағы шағын және орта бизнес субъектілерінің оннан астам өкілі автокөліктер базасында өткізілетін оқу курсынан өтуде. Қатысушылар өз салаларының шеңберінде әртүрлі детейлинг қызметтерін меңгере алады. Оқу-курсы шаһардағы жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің біліктілік әлеуетін арттыру мақсатында құзыреттіліктерді және бейіндік оқытуды қамтиды. Білім алушылар мұнда жаңа дағдыларды игеру, оларды болашақта монетизациялау және қосымша табыс көзі болу мақсатында оқып жатыр. Оның ішінде көлік, брондалған пленка жапсыру және машина ішін толық тазалау мен жуу, вамперді бөлшектеу сынды жұмыстары бар. 
БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ
Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...











