• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

№2 ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ – МЕГАПОЛИСТЕГІ БІРЕГЕЙ НЫСАН

16.08.2023
0

Баланың дарынын дамытып, шығармашылығын шыңдауда үйірмелер мен қосымша білім орталықтарының маңызы зор. Мегаполисте мұндай жерлер жетіп артылады. Дегенмен, түрлі бағыттағы үйірмелерді бір орыннан табу қиын. Жаңа орталықтың жұмысы жұртшылыққа әлі де беймәлім болғандықтан мекеме басшылығы  ата-аналар үшін ашық есік күнін өткізді.

Ұлттық ерекшеліктер мен цифрлы тенденцияны ұйыстырған орталықта 53 үйірме жұмыс істейді. Бірегей нысанды өзгелерден айшықтайтыны – өнер, спорт, тілдік үйірмеден бөлек, ғылымға негізделгені. Яғни, заманауи құрылғымен жабдықталған зертханалар жас ғалымдарды тәжірибе алаңына топтастырып, теорияны практикамен пысықтап отырады. Оқушылар сарайының ашылғанына 2 айға жуық уақыт өткенімен, 2400-ден аса бала тіркеліп, таңдауына қарай түрлі үйірмелерге қатысып жатыр.

Тоғыз жүз мың шаршы метрді алып жатқан үш қабатты ғимаратта оқушылар үшін ғылыми-техникалық, спорт және сауықтыру, гуманитарлық, көркем-эстетикалық бағытқа топтасқан 53 үйірме істеп жатыр. Иә, орталықтың басқалардан ерекшелігі ғылыми бағытқа баса мән берген. Практикалық физика, химия, биотехнология кабинеті мен бағдарлама жасау, автоматика, дизайн және 3Д модельдеу, ЛЕГО құрылысы, ұшақты модельдеу үйірмелері ғылыми бағытқа бет бұрған оқушылар үшін тәжірибе алаңы болмақ.

-Мегаполисте мұндай бағыттағы орындар көптеп ашыла берсе екен. Соңғы үлгідегі, барлық керекті техникамен жабдықтап, озық технологияларды топтастырған. Оқушылар сарайына 2 балам келіп жатыр. Бірі – киберспортқа, екіншісі – бейнелеу өнері үйірмесіне қатысуда, -дейді, Алтынай Қонақбаева. Ал, Ұлжалғас Құлымбетова осындай ашық есік күнін ұйымдастырып, ата-аналарға барлық үйірмені таныстырған мекеме басшылығына алғыс айтады. –Балаларға өте жақсы жағдай жасалған. Маған ұнады. Өзімнің қыздарымды осындағы бірнеше үйірмеге тіркеп, күнделікті келіп жатырмыз,-дейді, қала тұрғыны.

Әлия Ахметова, ата-ана: — Оқушылар сарайына келіп, ашық есік күнін тамашалап жатырмыз. Ашылып жатқан үйірмелер өте тамаша. Әрқайсысымен жеке таныстық. Биотехнология, химия, физика, экология және т.б. Бәрі тамаша. Өзім 6 баланың анасымын. Қазіргі таңда 2 балам түрлі үйірмеге қатысуда. Бәрін болмаса да 4 саланы қамтуға тырысып жатырмыз. Шынымды айтсам, өзім де қатысқым келіп кетті.

Оқушылар сарайында ерекше балалар үшін де барлық жағдай жасалған. Спорт үйірмесінде арнайы бассейн болса, гуманитарлық салада қимыл-қозғалысы, тілдік дағдыларымен жұмыс істейтін кәсіби маман және жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар бар.

Лаура Оралқызы, педагог-психолог: — Бұл сенсорлы бөлме — ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған. Мұнда топтық жұмыстар жүргізіледі. Ерекше білімді қажет ететін балалар үйірмесіне — физикалық, психикалық тежеуі бар, сөйлеуінде, дамуында тежеуі барларды қабылдаймыз. 6-16 жас аралығындағы балалар келе алады. Сабақтың барлығы топтық үлгіде жүреді.

Оқушылар сарайы тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істеп, 6-18 жас аралығындағы 2000 баланы түрлі үйірмеге қабылдай алады. Цифрлылықтың тағы бір көрсеткіші ретінде үйірмеге тіркеуді айтуға болады. Ата-ана құжатты орталыққа емес, «Mindal.kz» электронды сайты арқылы тіркейді.

Спорт секторындағы жаттықтырушылар кәсіби спорт шеберлері. Мекеме басшысы негізгі сұраныстың бірі – бассейн екенін айтады. Бассейн күніне 400 балаға қызмет етуге қауқарлы.  Бастысы, орталықтағы барлық үйірме ақысыз.

-Спорттық үйірмелерге өте көп сұраныспен келіп жатыр. 500 баланы қазіргі таңда бассейнмен ғана қамтып отырмыз. Қыркүйекте оқу басталған кезде сабақ кестесіне сай біршама орындар босауы мүмкін. Ол алдағы уақыттың еншісінде. Сондықтан ата-аналарға үнемі сайтты қарап, жаңалықтардан хабардар болып отырыңыздар деймін. Бұл күнделікті механизм. Соның ішінде қызығушылығыңызға қарай бос орындарға балаңызды тіркейсіз. Дегенмен, ғылыми-техникалық бағыттағы үйірмелерге сұраныс аздау болып жатыр. Өйткені, қазір демалыс уақытында ата-ана баласына артық жүктеме қоймай, бір сәт тынықсын деп жатқан болу керек. Ғылыми-технологиялық бағыттағы үйірмелердің Шымкент қаласында аналогы жоқ. Сондықтан, баланың ой-өрісін, белгілі салаға қызығушылығы болса, оны дамытуға үйірмелердің септігі мол,-дейді, №2 оқушылар сарайының директоры Данияр Егізбаев.

Мұндай орталықтың мегаполисте әзірге баламасы жоқ. Гуманитарлық бағыт бойынша көзге түскен тағы бір ерекшелік – медиа орталық, дыбыс жазу, мобилография, СММ-ге арналған фото-видео сыныбы мен дебат клубы болды. Жастардың медиасыныпқа деген қызығушылығы да ерекше. Орталық ұлттық өнерге де ерекше мән берген. Сәндік-қолданбалы, бейнелеу, вокал, қыш жасау, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді. Тігін тігіп, ою-өрнек салуды, түрлі әшекей бұйымдарын үйренуге қызыққан қыз балалар көп. №2 оқушылар сарайына басқа мекеменің үйірмесіне жазылған балалар қатыса алмайды. Себебі, миллионды қаланың жас балаларын шеттетпей, мүмкіндігінше барлығын қамту. Шаһарда алдағы 3 жыл ішінде дәл осындай 4 нысан салынбақ.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.