Жыл басынан бері 153 адамның суға бату оқиғасы орын алған. Оның ішінде 42-сі кәмелет жасқа толмаған. Биыл Шымкент қаласы бойынша су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Алайда, Төтенше Жағдайлар министрлігінің №107 бұйрығының критерийына сәйкес есепке алынбайтын 7 жағдай орын алды. Олардың басым бөлігі жеке тұрғын үй ауласында құрылған каркасты бассейндерде, су айдындарынан өтетін құбырларда, суару каналдар мен субұрқақтарда орын алған. Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2023 жылға балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша аквасаябақтардың иелерімен 13 меморандум бекітіп, шомылу маусымында 1500 бала жүзу үйренуде.
ОРМАН ӨРТТЕРІН ЖЕДЕЛ АНЫҚТАУ ҮШІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
Орман өрттерін жедел анықтау үшін жаңа технологияларды енгізу қажет. Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтау жүйелері «Бурабай» (132,0 мың га), «Көкшетау»...