Қазір көкөністер мен жеміс-жидектерден салаттар, тұздықтарды қысқа дайындау маусымы басталды. Дұрыс даярланбаған өнімдерді тұтыну арқылы кейбір тұрғындар ботулизм ауруына ұшырап жатады екен. Өткен жылы ботулизмнің 1 жағдайы тіркелген. Айта кетейік Ботулизм улы ботулотоксиннің әсерінен жалпы организмнің улануы. Ол нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін аурудың ауыр түрі. Уақтылы емдеу мекемесіне қаралмау нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың бір түрі. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын тамақтан улану симптомдары жатады жүрек айну, құсу, бас ауру. Ал, әрі қарай бұл ботулизм ауруына, тән, жүйке жүйесінің бұзылуы белгілеріне ауысады. Аурудың алдын алу жолдары жайлы баспасөз брифингінде Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Райымқұлұлы мәлімдеді.
ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІРІ ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгінде отандық бизнесті қолдау басты міндетіміз. Бұл еліміздің экономикасының қарқынды түрде дамуына да оң әсерін береді. Тіпті бұл туралы премьер-министр...