• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ПАК ЧЖИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

01.06.2023
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинді қабылдады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пак Чжин екіжақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Корея арасындағы сауда, инвестиция және технология салаларындағы өзара қарым-қатынастардың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Өздеріңізге мәлім, Корея біз үшін Азиядағы негізгі серіктестердің бірі ретінде өте маңызды. Екіжақты ынтымақтастық бағытындағы барлық жетістікті жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар екіжақты сауда көлемі 6 миллиард доллардан асқанына өте қуаныштымын.  Дегенмен бізде мол мүмкіндік бар. Оны болашақта пайдалану қажет. Сондықтан сіздің бұл сапарыңыз – өзекті халықаралық мәселелер жөнінде өзара пікір алмасу үшін жақсы мүмкіндік. Қазақстан мен Кореяның негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдары ортақ. Халықаралық аренада да, екіжақты форматта да бізді жақындата түсетін көптеген ортақ істеріміз бар деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы KIA автомобиль өндірісін, Hyundai зауытының жұмысын, ферроқорытпа және болат өндірісін,  «Ақылды ферма» жобасын және басқа да бастамаларды мысалға келтірді. Сонымен қатар Президент елдеріміз арасында екіжақты қарым-қатынастың берік институттық желісі қалыптасқанына назар аударды. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-корей үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңес осы байланыстарға дәнекер болып отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған құрылымдардың әлеуетін толық пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде Оңтүстік Корея дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел Президенті Юн Сок Ёльдің сәлемін жеткізді және Қазақстанмен екіжақты және аймақтық негіздегі серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.

– Сіздің көреген басшылығыңызбен Қазақстан осы орнықты экономикалық өсімді жалғастырады деп сенемін. Сонымен қатар біз Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды және заң нормалары мен демократиялық құндылықтарды нығайту жөніндегі Сіздің жеке күш-жігеріңізді қолдаймыз. 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнағаннан бері екіжақты серіктестігіміз дәйекті дамып келеді.  Әсіресе 2009 жылы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылғаннан кейін қарқынды дами түсті. Осыған байланысты қарым-қатынасымызды нығайту үшін одан әрі ілгерілеуді жалғастырамыз. Біз тек дәстүрлі салада ғана емес, цифрлық технологиялар, денсаулық сақтау, энергетика және қоршаған ортаны қорғау секілді жаңа салаларда да тығыз серіктестікті дамытып жатырмыз. Екі ел арасындағы белсенді дипломатия – екіжақты қатынастарды дамытудың қозғаушы күші, – деді Пак Чжин.

Кездесу барысында жаһандық және аймақтық күн тәртібіне, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Ақорда кз

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.