Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАЗАҚСТАН МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ РЕЙСТЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
    Бас ақпарат

    ҚАЗАҚСТАН МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ РЕЙСТЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.05.2023231 Views

    24-25 мамырда Лондон қаласында Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті.

    Қазақстан тарапынан делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев, Ұлыбритания тарапынан көлік департаменті басшысының орынбасары Д. Беван басқарды.

    «Эйр Астана» әуе компаниясының екі елінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес 15 маусымға дейін уақытша негізде аптасына 5 рейс жиілігімен Алматы — Лондон — Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауға рұқсат етілді.

    Келіссөздердің маңыздылығы мен күрделілігі «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстері орындалатын қолданыстағы уағдаластықтардың мерзімі аяқталуында болды. Келіссөздер барысында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы — Лондон бағыты бойынша рейстердің бір бөлігін тоқтатуға мәжбүр болар еді.

    Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы құқықтық база нығайтылып Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рұқсат етілген рейстер саны артты:

    — Астана қаласы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін;

    — Алматы қаласы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін;

    — Қазақстанда енгізілген «ашық аспан» режиміне сәйкес ауа еркіндігінің 5 дәрежесін қоса алғанда, тұрақты емес негізде аптасына 7 жүк рейсіне дейін.

    Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Эйр Астана» әуекомпаниясы осы жылдың соңына дейін Лондонға орындалатын рейстер санын аптасына 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

    Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

    ҚазАқпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.