• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Ақпан 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҰЯЛЫЖАРДА КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

19.05.2023
0

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Amanat” партиясының мүшесі Дулат Әбіштің кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауы Бөржар ауылдық округіне қарасты Ұялыжар ауылында өтті.

Әлеуметтік желіге жарияланған хабарландырудың ізімен кездесуге келген халықтың саны көп. Бірі әлеуметтік саланы, бірі туризмді, енді бірі ауыл шаруашылығы бойынша түйіні тарқатылмаған тақырыптарды қозғады. Қабылдауға сондай-ақ, билік партиясының Ордабасы ауданындағы филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұрат, аудандық мәслихат депутаты Асан Құрымбек, округ әкімі мен бірнеше бөлімнің мамандары қатысты.

Сонымен, кездесуде көтерілген негізгі мәселелерге мәселеге тоқталсақ. Ынтымақ елдімекенінің тұрғыны Сейіт Оспанов ауылдағы мектептің жайына қозғады. 2020 жылы Ынтымақ ауылынан 200 орынға арналған мектептің құрылысы басталмақ болған. Бірақ, үш жыл өтсе де қазығы қағылмады. Тұтастай ел қуана күтіп жүрген жаңа білім ұясы салынбақ тұрмақ, дайындаған құжаттың мерзімі аяқталуға жақын екен. Бірнеше миллионға жасатқан жобалық-сметалық құжаттың да уақыты аяқталуға жақын. Білім мен құрылысқа жауапты мамандардан мардымды әрекет болмағандықтан, тұрғындар Ұялыжар ауылында өткен көшпелі қабылдауда депутатқа мәселесін айтты.

Сұлтан Ысқақов атындағы оқу ошағының мәселесі осыған дейін де айтылып келген. Шешімін таппаған соң ауыл тұрғындары облыс депутататына арыз жазып, жас ұрпақтың жайлы мектепте білім алуына ықпал етуін сұрады. Елдің болашағы саналатын маңызды мәселеге депутат көңіл бөліп, тиісті басқармаларға сауал жолдайтынын айтты.

Сондай-ақ, ауыл азаматтары спорт саласына көңіл бөлінсе дейді. Шынығу кешенінің жоғын айтқан ел жанашыры қажет болса өзімнің жерімді берер едім деді Жарас Қойланұлы.

Әлем, Азия чемпиондары шыққан 8 ауылдан тұратын округтің орталығындағы спорт нысаны мәдениет үйінің бір бөлігінде жан сауғалап, аты бар, арнайы орны жоқ жерде шынығуда. Көк байрағымызды биікке көтеретін ұландарға спорт кешенін салу туралы ұсыныс жерде қалмады. Жауапты мамандармен бірлесе жоба жасап, тиісті комиссияға ұсынылатын болды.
Ұялыжардағы ең үлкен мәселенің бірі — жер дауы, су мәселесі. Келген азаматтардың басым бөлігі осы тақырыпты қозғады.

Жайылымнан тарыққан шаруалар нысаналы мақсатына қолданылмай, жекенің қолына өтіп, бос жатқан жерлерді халыққа берсе дейді. Елімізде бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр. Дегенмен, оның да өз заңдылықтары бар деген Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер саласы бойынша сектор меңгерушісі Руслан Бисейтов тұрғындарға түсіндіріп берді.

Көшпелі қабылдауда сондай-ақ, туризм саласын жандандыруға бет бұрып, ісін бастап жатқан кәсіпкерлер мен балық шаруашылығын өркендетпек болған шаруалар келді. Олар, мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен несие берсе дейді.

Қабылдау соңында облыстық мәслихат депутаты тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстардың жүзеге асырылуын өз бақылауына алып, заң аясында тиісті мекемелерге хат жазуға, мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.