• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Тамыз 27, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

TOП-5: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ЕРЕКШЕ КІТАПХАНАЛАРЫ

16.03.2023
0

1. ЕҢ АЛҒАШҚЫ КІТАПХАНА

Еліміздегі көпшілікке арналған тұңғыш кітапхана 152 жыл бұрын (1871 жылы) Орал қаласында ашылды. Кітапхана ғимараты қаланың ең көрнекті тарихи-мәдени және сәулет ескерткіші ретінде танымал. Бүгінде Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өңірдегі 360 кітапхананың  әдістемелік орталығы саналады.

2. ЕҢ КӨП ҚОЛЖАЗБА МЕН СИРЕК ҚОРЛАР САҚТАЛҒАН КІТАПХАНА

Еліміздегі сирек қорлар мен қолжазбаларға бай кітапхана — Абай атындағы Абай облыстық әмбебап кітапханасы. Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатарында қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы да болған. Мұнда 4 мыңнан астам өте сирек кездесетін кітап сақталған. Хронологиялық тұрғыдан әдебиеттер тізімі XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырды қамтиды.

3. ЕҢ КӨП КІТАП ҚОРЫ БАР КІТАПХАНА

Еліміздегі кітап қоры ең көп кітапхана – Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. Мұнда 7 млн-нан астам кітап бар. 1910 жылы іргетасы қаланған кітапхана 1931 жылы Үкімет қаулысына сәйкес Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылған. Бүгінде Ұлттық кітапхана республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы ретінде танымал.

4. ЕҢ ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА

Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы  модернизациядан кейін «Ең заманауи кітапхана» атағына әбден лайық.

Кітапхана жанынан коворкинг-орталық ашылғалы бұл жер жастардың бас қосатын әдеби және мәдени демалыс орнына айналған. Кітапхана OpenSpace форматында қызмет көрсетеді. Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау үшін мұнда Silent zone (тыныш аймақ), Single zone (жеке аймақ), Public spase (топтық аймақ), Atrium (атриум) қарастырылған.

5. ЕҢ ЦИФРЛЫ КІТАПХАНА

Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы цифрлы және электронды контент бойынша еліміздегі ең үздік кітапхана саналады. 2004 жылы ашылған кітапхана «Қазақстандық электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» (kazneb.kz) жобасын жүзеге асырып отыр. Аталған порталға еліміздің мәдени-әдеби, тарихи құндылықтарына қатысты 70 мыңнан аса электронды контент енгізілген.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

 Шымкентте халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған орай қалада тағы 30 отбасы көптен күткен баспаналарына...

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Елімізде жаңа Конституцияның ресми күшіне енуіне орай Жұмабек Тәшенов атындағы университетте дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Ата заңда айқындалған білім беру,...

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Конституциялық Сот Ата заңның бірқатар нормаларына ресми түсіндірме берді. Онда Жаңа құжаттың 43, 72, 83 және 84-баптарында көзделген жоғары мемлекеттік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.