• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨЛІК ҚҰЖАТТАРЫНА КӨШУГЕ ШАҚЫРДЫ

06.02.2023
0

Digital Almaty бесінші форумы шеңберінде өткен «Жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» пленарлық сессиясында ЕАЭО елдері арасындағы цифрлық кедергілерді жою, сауда және экономиканың басқа да салаларында инновациялық шешімдер енгізу мәселелері, сондай-ақ негізгі жаһандық технологиялық трендтер талқыланды,  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.

Іс-шараға Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян, Беларусь үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Өзбекстан үкіметінің басшысы Абдулла Арипов қатысты.

ҚР Премьер-Министрі өз сөзінде Қазақстан Үкіметі жыл сайын еліміздің ЖІӨ-дегі жаңа технологиялардың үлесін ұлғайту үшін барлық қажетті шараларды іске асырып жатқанын атап өтті. Олар негізінен цифрлық трансформацияға, ІТ саласына қолайлы жағдайлар жасауға және адами капиталды дамытуға қатысты.

Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің ІТ-нарықтарын дамытуға мультипликативтік әсер беру үшін сенімді платформа қажет екенін айтты. Бұл тұрғыда жергілікті және аймақтық деңгейде белсенді ойыншыға айналған Astana Hub технопаркінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болады.

Сонымен қатар Премьер-Министр «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры бүгінде Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен IT-нарығын біріктіретін экожүйе құрғанына тоқталды. Жалпы Қор іске кіріскен жылдардан бастап Индустрия 4.0, геология, металлургия және т. б. салаларда құны $36 млн-нан асатын 187 жобаны қаржыландырды.

«Елдеріміздің технологиялық инкубаторларының өзара іс-қимылын біртіндеп дамыту маңызды», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан FinTech және GovTech-жобаларын жүзеге асыруды қамтитын мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы бағытын ұстанып отырғанын атап өтті. Жалпы, оның айтуынша, мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында республикада цифрлық саладағы күнделікті өмірде қолданылатын нақты нәтижелердің жоғары деңгейіне қол жеткізілді.

«Цифрландыру еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады», — деді ол.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі мемлекеттік басқаруды цифрландырудың Invisible Government сапалы жаңа тұжырымдамасына көшіп жатқанын айтты, онда мемлекеттік саясат адамның және оның қажеттіліктері мен мүдделерін ескеретін болады.  Нәтижесінде бұл проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізуге серпін береді.

«Бұл ретте негізгі тәсілдердің бірі – қызмет көрсетудің мультиплатформалық қағидаты. Яғни, мемлекет «тар жер» моделінен алшақтап, бизнеске мемлекеттік қызметтерді өз платформалары мен цифрлық экожүйелеріне интеграциялауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің пайдасы зор», — деді Премьер-Министр.

Жалпы, ол соңғы жылдары Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін атап өтті. БҰҰ-ның тиісті рейтингінде республика 39-шы орыннан 28-ші орынға (2018 жылдан бастап) көтеріліп, позициясын жақсартты, ал онлайн-сервистердің қосалқы рейтингінде – 16-шы орыннан 8-ші орынға көтеріліп, әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді.

Бұл ретте Премьер-Министр интеграцияны күшейтудің және жалпы Еуразиялық ауқымдағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, осы істің тұсаукесері ретінде  Алматыдағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ірі цифрлық бастамаларды қалыптастыру және жүзеге асыру алаңы – Цифрлық құзыреттер орталығын құруды атауға болады.

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов байланыстың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту тақырыптарына тоқталды.

Ол логистикалық компаниялар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан электрондық көлік құжаттарына көшу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай тәжірибені ЕАЭО аумағында енгізуге мүмкіндік бар, атап айтқанда, барлық шетелдік рұқсат бланкілерін электрондық форматқа ауыстыруға болады.

«Қағазбастылықты алып тастау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, өзара сауданың ашықтығын арттырады және ең бастысы, бизнеске өз шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді»,—деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің айтуынша, ЕАЭО елдерінің өзара сауда саласындағы электрондық іс-әрекетін дамыту тағы бір маңызды тақырып болып табылады.

«Осы және басқа да мәселелер цифрландыру саласындағы бірлескен жұмысымыздың маңызды бағыттарына айналуы мүмкін», — деп түйіндеді ол.

Форум аясында Әлихан Смайылов ЕАЭО елдері мен Өзбекстан үкіметтерінің басшыларымен бірге «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағында ашылған цифрлық жобалардың халықаралық көрмесімен танысты.

Меймандарға eGOV Mobile, Smart Data Ukimet, Smart Industry Management Platform ірі жобалары, елдік технопарктер, сондай-ақ бірқатар стартап, атап айтқанда, оныншы сынып оқушысы Шолпан Аманкелдінің озон қабатының жай-күйін, жерге жақын ғарыш кеңістігіндегі астрономиялық қозғалыстарды зерттеуге және жер сілкінісін болжауға арналған «Venus-Sat.kz» наноспутнигі»  жобасы таныстырылды.

ҚАЗАҚПАРАТ

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.