Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»БАЙҚОҢЫРДАН «ЭЛЕКТРО-Л» МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СПУТНИГІ ҰШЫРЫЛДЫ
    Бас ақпарат

    БАЙҚОҢЫРДАН «ЭЛЕКТРО-Л» МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ СПУТНИГІ ҰШЫРЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.02.2023144 Views
    Байқоңырдан «Электро-Л» метеорологиялық спутнигі ұшырылды

     5 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 12 минутта ДМ-03 үдеткіш блогі және «Электро-Л» спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды.

    Биылғы алғашқы ұшырылымның тікелей трансляциясы Роскосмос әлеуметтік желілерінде көрсетілді. Айлақтың 81-алаңынан «Протон-М» ұшырылымы штаттық режимде өтті. Байқоңырда күн бұлтты болды. Алайда, 20 тоннадан астам жүкті орбитаға жеткізуге қауқарлы ең қуатты зымыранның ұшырылу сәті – қызықты көрініс.

    Циклограммаға сәйкес, зымыран-тасығыштың бірінші сатысы ұшудан кейін екі минут өткен соң, екінші басқышы үш минуттан кейін ажырады, оныншы минутта ДМ үдеткіш блогі спутникпен бірге бөлінді.

    Алты жарым сағат ішінде үдеткіш блоктың үш қосылымы болуы керек, соның арқасында «Электро-Л» спутнигі орбитаға шығады.

    С. Лавочкин атындағы ҮЕҰ жасаған «Электро-Л» гидрометеорологиялық спутнигі – осы ресейлік ғарыш аппараттары тобындағы төртіншісі. Спутниктің салмағы – 2,1 тонна, орбитаның биіктігі – шамамен 36 мың шақырым.

    ҚАЗАҚПАРАТ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.