🧊 2 ақпанда сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтеріліп, нәтижесінде Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аула аумақтары мен көшелер су астында қалды.
🚒ТЖД күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында және жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар жүргізілуде.
🧑🚒 50-ден астам құтқарушы, 10 бірлік техника және 20 мотопомпалар жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметті