1996 жылы елімізде алғаш рет мемлекеттік тілдегі тәуелсіз «Айғақ» газетін, 2007 жылы республикада 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын «Айғақ» телеарнасын ашқан Дулат Назарбекұлы Әбіш Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Бұл мәртебелі марапатты университет ректоры Рабиға Қуатбекова табыстады.
Мамандығы бойынша ұстаз, журналист әрі заңгер Дулат Назарбекұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы, Түркістан облыстық мәслихатының VII шақырылымындағы депутаты болып сайланған. «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері, Түркістан облысының және Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», Қазақстанның «Құрметті журналисі», Қазақстан Журналистика Академиясының академигі.
Іскерлігі мен еңбексүйгіштігі нәтижесінде журналистік және депутаттық қызметтерді біліктілікпен үйлестіріп жүрген ол Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына ерекше үлес қосып келеді.
Қаламы қарымды журналист Дулат Әбіш үшін ең үлкен міндет — қоғам алдындағы азаматтық парызын өтеу!
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ОБЛЫС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
🔰Мәулен Әшімбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыстың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесті. Сенат төрағасы халық қалаулыларымен Президент тапсырмасын іске...