Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ – МИНИСТР ОРАЛОВ
    Бас ақпарат

    ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ – МИНИСТР ОРАЛОВ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.01.2023156 Views
    Жас қаламгерлерге арналған Президенттің әдеби сыйлығы тағайындалады – министр Оралов

     Биыл жас қаламгерлерді қолдау мақсатында арнайы Президенттік әдеби сыйлығы тағайындалатын болады. Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов осылай мәлім етті.

    «Төл әдебиетімізді жаңа дүниелермен толықтырып, ұлтымыздың әдеби мұрасын молайту, отандық әдебиетке, баспа ұйымдарына тың серпін беруді көздейтін «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы тағайындалды. Бұл бастамалардың бәрі отандық өнерге, мәдениет пен әдебиетке тың серпін сыйлаған жобаларға айналды. Рухани қазынамыз көптеген жаңа туындылармен толықты.

    Ендігі кезекте осы игі дәстүрді одан әрі өрістету мақсатымен биыл жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Атап айтқанда, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында арнайы Президенттік әдеби сыйлығы тағайындалатын болады», — деді Асхат Оралов.

    Оның айтуынша, алдағы уақытта мәдениет саласының қызметкерлері үшін халықаралық форум өтеді.

    «Сонымен қатар мәдениет қызметкерлерінің халықаралық форумын ұйымдастырамыз. Бұл сала мамандарының біліктілігін арттырып, халықаралық тәжірибені игеруіне мүмкіндік береді. Осы айтылған жұмыстардың жоғары деңгейде жүзеге асуына зиялы қауымның белсенді қатысуы өте маңызды. Қоғам мен жастардың тәрбиесінде аға буынның атқаратын рөлі зор, алатын орны ерекше», — деп түйіндеді министр.

    Еске салайық, экс-министр Дәурен Абаев жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік әдеби сыйлық 18 – 29 жас аралығындағы авторларға берілетінін айтқан болатын.

    Бүгінгі алқа мәжілісте Асхат Оралов, сондай-ақ былтыр шет елдерден Қазақстан тарихына қатысты 7 мыңнан астам құжат әкелінгенін атап өтті.

    ҚазАқпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.