Жедел жәрдем қызметінен 18 қаңтарда сағат 14-25-те Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Дағдарыс жағдайларда басқармасына баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама келіп түсті
Оқиға Самал-3 шағынауданында, Ізгілік көшесінде болған. Екі қабатты жеке тұрғын үйде, ересектердің қарауынсыз қалған, 2-ші қабаттың терезесінен (биіктігі шамамен 3,5 метр) жеке үй иесінің ұлы, 2018 жылы туған бала құлады. Бала «аутизм» диагнозымен есепте тұр. Қазіргі уақытта жағдайы орташа.
Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы