Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихаттың қолдауымен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен жетісай ауданының әкімі болып Серік Үсенұлы Мамытов тағайындалды.
С.Мамытов 1992 жылғы 30 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2013 жылы Лимкоквинг креативты технологиялар университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің маманынан бастаған.
2015 – 2018 жылдары «КазФинСтаф» ЖШС-нің консультанты, «Астана ЭКСПО-2017» «ҰК» АҚ жиынтық-талдау департаментінің менеджері, Ұйымдастыру-бақылау департаментінің менеджері, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ фронт-офисінің кіші талдаушысы, талдаушысы қызметтерін атқарған.
2018 – 2019 жылдары «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ No1 жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері, жоба менеджері болған.
2019 – 2020 жылдары аралығында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Өнеркәсіптік жобалар тобы департаментінің директоры, Басқарушы директоры лауазымдарын атқарған.
2020 – 2021 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің «Qolday» кәсіпкерлікті қолдау орталығы» ЖШС-і бас директорының орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары, орынбасары лауазымдарында болған.
2021 жылдың қыркүйек – желтоқсан айлары аралығында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық директоры – қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі қызметін атқарған.
2022 жылғы қаңтар – мамыр айларында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер- Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас консультанты болып жұмыстар атқарған.
Жаңа тағйындауға дейін Серік Үсенұлы 2022 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызмтін атқарған.