• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ЭММАНЮЭЛЬ МАКРОНМЕН КЕЗДЕСТІ

30.11.2022
0
Парижге ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Келіссөзге дейін Елисей сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен келуге шақырғаны және Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануына орай құттықтағаны үшін Эмманюэль Макронға алғыс айтты.

Мемлекет басшысы бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Франция 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына  жалпы көлемі 17 миллиард доллар инвестиция құйып, ең ірі бес инвестор елдің қатарына кірді. Соңғы 9 айда екіжақты тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Францияның Орталық Азия елдерімен жасаған сауда-саттығының 90 пайызы Қазақстанға тиесілі. Екі мемлекет энергетика, тау-кен өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, аэроғарыш, машина жасау, денсаулық сақтау және тамақ өнеркәсібі салаларында тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асырып келеді.  Қазақстанда 170-тен астам франциялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында экономикамыздың жетекші инвесторлары саналатын Total Energies, Air Liquide,  Airbus,  Alstom, Orano  және Danone  секілді компаниялар бар. Былтыр елдеріміз Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі жол картасын бекітті.

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғыру үдерісі жөнінде айтты.

Өз кезегінде Эмманюэль Макрон Қазақстан Францияның  стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Энергетика саласында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еуропалық Одақ Қазақстандағы түрлі жобаларға инвестиция салып келеді.

Сонымен қатар Эмманюэль Макрон 2024 жылы Қазақстанда француз тілінде оқытатын жаңа мектептер ашылатынын айтты. Франция Президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді.

Тараптар екі елдің білім және мәдениет салаларындағы байланыстарын нығайту жөнінде пікір алмасып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Орталық Азия өңіріндегі жағдайды талқылады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

АҚОРДА КЗ

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы...

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі ерекше бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Креатив хаб орталығында ұйымдастырылған кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, олардың...

ЖАҢА ОҚУ КОРПУСТАРЫ АШЫЛАДЫ

32 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.