Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов таңертеңгілік қаладағы Т.Рысқұлов атындағы №24 мектептегі №899 сайлау учаскесінде дауыс берді. Кентау қаласында халықтың ашық әрі дұрыс таңдау жасауына барлық жағдай жасалған. Қала басшысы дауыс беру нысанына алғашқы болып келгендердің бірі болды.
Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 55 932 сайлаушы тіркелген.
Қазіргі таңда сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген.
Бүгін қаладағы барлық қоғамдық көліктер таңғы сағат 07:00-ден қала тұрғындарына қала ішінде тегін қызмет көрсетуде. Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар үйлестірілсе, тұрғындарға көтерңкі көңіл күй сыйлау мақсатында Ынтымақ алаңында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ азық-түлік жәрменкесі өткізілуде.