Қазақ әнін әлем сахнасында шырқап жүрген опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы Шымкент қаласындағы №11 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Опера және балет театрында орналасқан сайлау учаскесі әуезді әнмен қалықтап тұр. Халықтың сұрауымен Майра Мұхамедқызы күйсандықты сүйемелдей отырып ән шырқады.
№11 сайлау орнына тұрғылықты мекенжайына қарай 2773 азамат тіркелген.
ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...












