Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «TURKISTAN» АЭА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
    Айғақ MEDIA

    ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «TURKISTAN» АЭА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.11.2022503 Views

    «Turkistan» арнайы экономикалық аймақтың инженерлік инфрақұрылымның құрылысының екінші кезеңі жүзеге асуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Оранғай ауылында орналасқан аумағы 365 га құрайтын арнайы экономикалық аймақта болды. Ондағы газ, жол, су, жылу мен кәріз жүйесінің құрылысының жәй — күйімен танысты. Мұнда өрт сөндіру депосы, байланыс жүйесі, бақылау өткізу бекетінің құрылысы жоспарланған. 23 шқ.газ құбыры жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Сонымен бірге абаттанттыру жұмыстарын жүргізіледі.

    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өндіріс алыптарына арналған аумақтың жұмысымен танысты. Жұмыс барысын бақылап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Облыс басшысы экономиканың негізгі тетігі саналатын экономикалық аймақты дамыту үшін инвестициялық ахуалдың да тартымды, тұрақты, жүйелі болуын айтты.
    — «Turkistan» арнайы экономикалық аймақта бизнесін ашуға ниетті кәсіпкерлерге барлық жағдай жасауға міндеттіміз. Біз ұсынатын мүмкіндік өте қолайлы болуы тиіс. Тариф төмен, мүмкіндік мол болуы қажет. Ең алдымен арнайы экономикалық аймақта орналасатын жаңа жобалар үшін инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығы басым, — деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
    Облыс әкімі кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сонымен қатар, ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігіне назар аударды. Индустрияландыру картасы аясында экономикалық аймақтың табысты дамуына жаңа серпін беретін өнеркәсіптер мен аймақтардың инфрақұрылымын жандандыру мәселелеріне басымдық беріледі.
    Бұл аймақтар – өндіріске инвестиция тартудың негізгі алаңдарының бірі. Себебі, оның аумағында орналасқан кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер ұсынылады. Атап айтқанда, кәсіпорын ашу үшін инвесторға барлық инфрақұрылым желілері жүргізілген жер телімі тегін беріледі. Оған қоса мұндағы компаниялар жер салығы, мүлік салығы мен корпоративті табыс салығынан босатылады. АЭА аумағында тауар өндірушілерге электр қуаты арзандатылған тарифпен беріледі.
    «Turkistan» арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 650,772 млрд. теңге тұратын 91 жоба жүзеге асады. Бүгінде 65 жобаның іске қосылуынан 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Барлық жоба бойынша 8 мыңға жуық адам жұмысқа орналасады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.